Caravan Logo

Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының «қара жәшігін» ресейліктер тексермек

Апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағының «қара жәшігін» ресейліктер тексермек


Енді осында өздігінен жазып отыратын құралдағы жазулар арқылы тікұшақтың қалай жұмыс істегенін, экипаж командирінің аэронавигациялық қызметпен байланысы болған-болмағанын, тіпті борттағы адамдар бір-бірімен не сөйлескеніне дейін анықтамақ. Зерттеу нәтижесі 10 күн ішінде белгілі болады деп күтілуде. Естеріңізге салсақ, МИ-8 тікұшағы 24-інші қараша күні Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын әуеден бақылауға шығып, Алакөл ауданында ізім-ғайым жоғалған болатын. Іздестіру тобы оның қалдықтарын тек 5 тәуліктен кейін тапты. Әуе көлігінің бортындағы 8 адам түгел қаза тапқан.