Апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының қара жәшігін зерттеу қаңтардың соңында аяқталады
Алматы облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырау себебін анықтауға қатысқан Ресей мамандары қарашаның соңында тікұшақтың «қара жәшігін» зерттеу үшін қосымша уақыт сұрады, деп Қазақстан бас көлік прокуратурасының басшысы Бақытжан Нұғыманов мәлімдеді. |
«Ресей мамандары 31 қаңтарға дейін Алматы облысында апатқа ұшыраған мұнайшылар мінген МИ-8 тікұшағының борттағы қара жәшігін зерттеуді аяқтауға уәде берді», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін Астанада Б.Нұғыманов мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, 1 желтоқсанда жедел тергеу тобы мен авиатор мамандар апатқа ұшыраған тікұшақтың қара жәшігін тауып алды.
"ЕврАзияЭйр" АҚ тиесілі тікұшақ 24 қараша күні таңертең Үшарал-Достық учаскесіндегі магистральдық мұнай құбырын барлауға аттанған болатын. Тал түсте тікұшақпен байланыс үзілген. Тікұшақ 29 қараша күні Алакөл ауданындағы Жалаңашкөл өзенінен он бес шақырым жерден табылған. Тікұшақта болған бес экипаж мүшесі мен үш жолаушы қайтыс болды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін