Апатқа ұшыраған СУ-27 әскери ұшағын іздеуге 4 тікұшақ пен 10 іздестіру тобы тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған СУ-27 әскери ұшағын іздеуге 4 тікұшақ пен 10 іздестіру тобы тартылды

Апатқа ұшыраған СУ-27 әскери ұшағын іздеуге 4 тікұшақ пен 10 іздестіру тобы тартылды

Алматы облысында апатқа ұшыраған әскери ұшақты іздеуге 4 тікұшақ пен 10 іздестіру тобы жұмылдырылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 519
Фото - Caravan.kz


Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұшақтың құлаған жері анықталды. Ұшқыштарды іздестіру жалғастырылуда.

2014 жылғы 23 қыркүйек сағат 20.42 минутта оқу-дайындық ұшулары барысында Су-27 (50) ұшағымен байланыс үзілді. Авиациялық оқиға себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Барлық қажетті жағдайлар жүзеге асырылуда», делінген Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.