«Алматы қалалық құтқару қызметі» ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Сағитжан Бірмағанбетов апат орнында қаза тапқан. Тікұшақтың екінші пилоты Ғалым Нұрмағамбетов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Қазбек Төреманов, ҚР ТЖМ полковнигі Нұрлан Құмаров пен тікұшақтың ұшқышы — экипаж командирі Фахрадин Оңғарбаев ауруханада қайтыс болды.
Қалған 13 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазір тоғыз адам облыстық медицина орталығында, төртеуі Жалағаш ауылындағы аудандық ауруханада жатыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазавиаспас» мекемесіне қарасты МИ-8 тікұшағы (борт саны 25001) Жалағаш ауылында (Қызылордадан 75 шақырым жерде) кеше 15 сағат 30 минутта Сырдария өзенінің арнасын бойлай ұшу барысында апатқа ұшыраған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті