Бразилиялық «Шапекоэнсе» клубының футболшысы Алан Рушел Колумбиядағы ұшақ апатынан аман қалды, деп жазады Р-Спорт 360 Radio Colombia радиостанциясына сілтеме жасап.
Осыған дейін 72 жолаушысы бар ұшақ Колумбияда апатқа ұшырағаны белгілі болған. Басқа басылымдардың ақпараты бойынша, ұшақта 80 адам болған.
360 Radio Colombia ақпараты бойынша, бірнеше адам тірі қалған. «Шапекоэнсе» клубынан тірі қалған адамның аты-жөні анықталды. Ол «Интернасьоналдан» жалға алынған 27 жастағы Рушел есімді футболшы.
Айта кетейік, апат орны таулы аймақта болғаны үшін жедел жәрдем көліктері мен құтқару қызметінің техникаларының баруы қиынға соғып отыр.