Апаттық медицина орталығы жедел-тактикалық жаттығулар өткізуде
Бүгін, 5-желтоқсанда Алматыда "Апаттық медицина орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі еліміздің ең ірі қаласындағы лаңкестік әрекеттер мен техногендік сипаттағы апаттардан зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жедел-тактикалық жаттығулар өткізуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне"Апаттық медицина орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына жүгінсек, жедел-тактикалық жаттығулардың жоспарына сәйкес, орталық аумағында шартты лаңкестік жарылыстар болады. Орталықтың медициналық қызметкерлері зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету шарасын ұйымдастыру міндетін атқаруы тиіс. Жаттығулардың сценарийі бойынша 100 адам шартты түрде өлгенге, ал 600 адам шартты жараланған әрі күйікке шалдыққанға саналады.
Шараның мақсаты - Апаттық медицина орталығының оперативтік штабының дайындық деңгейін тексеру, лаңкестік әрекет кезінде науқастар мен жараланғандарға жедел дәрігерлік көмек көрсетуге әзірлігін сынау болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін