Жарияланды: 380

Апаттық-құтқару жұмыстарының барысында 34 көлік пен 154 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Апаттық-құтқару жұмыстарының барысында 34 көлік пен 154 адам қауіпсіз жерге көшірілді

1 желтоқсан күні сағат 16:00-де Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы «Көкпек» асуында нашар ауа райы жағдайына байланысты 6 жеңіл, 2 жүк көлігі және 12 адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің (3 адам мен 1 техника бірлігі) «Семсер» АҚ-ның қызметкерлерімен бірігіп ішінде адамдар отырған көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп алып шықты. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 19:05-те Еңбекшіқазақ ауданындағы «Жаркент-Алматы» тас жолында ішінде 30 жолаушысы бар «МАН» автобусының қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің (3 адам мен 1 техника) күшімен адамдар отырған автобус жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарылып, одан кейін қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 19:50-де Ақсу ауданындағы «Талдықорған-Қапал» көлік жолының 50-60-шы шақырымдарында 4 жеңіл көлік пен 19 адам (соның ішінде 1 бала) қар тұтқынына түскені туралы хабарлама келді. ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің (3 адам мен 1 техника) күшімен адамдар отырған көліктер жолдың тазартылған учаскесіне шғарылып, одан кейін қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 22:45-те Ұйғыр және Еңбекшіқазақ аудандарының шекарасында 6 жеңіл, 12 жүк көліктері және 35 адамның қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарланды. ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің (3 адам мен 1 техника) күшімен адамдар отырған көліктер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, одан кейін қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан басқа, 1 желтоқсан күні сағат 10:46-да Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы Майқайың ауылына жақын «Павлодар-Баянауыл» көлік жолында ішінде 53 жолаушы (соның ішінде 4 бала) бар «Мерседес» автобусының қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі (2 адамы және 1 техникасы) жол полициясы басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшірді. Зардап шеккендер жоқ. Сенбі күні сағат 20:35-те Қостанай қаласынан 30 шақырым жердегі Аққабақ көлінде ішінде 5 балықшы отырған 2 жеңіл көліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарланды. ҚР ТЖМ-нің Қостанай облыстық ТЖД Солтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы ММ-нің (4 адам мен 2 техника) күшімен балықшылар қауіпсіз жерге көшіріліп, Қостанай қаласына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Барлығы 34 көлік пен 154 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін