АПК Алматыда алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АПК Алматыда алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды

АПК Алматыда алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды

Алматы. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - АПК АҚ Алматы мен Алматы облысында алдағы күз-қыс маусымында электр тұтыну көлемі 9,2% ұлғаяды деп болжайды. Бұл туралы АПК АҚ басқармалары төрағасының өндіріс және даму жөніндегі орынбасары Ғани Сәлімжуаров мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қазан 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«2007 — 2008 жылдары Алматы мен Алматы облысында 4 млрд 263 млн киловатт-сағат энергия тұтынылды. 2008 — 2009 жылы тұтыну көлемі 4 млрд 654 млн киловатт-сағатқа дейін ұлғаяды деп күтілуде. Өсім — 9,2%», — деді Ғ. Сәлімжуаров.

«Қазанда ұзындығы 1150 шақырымдық «Солтүстік-Оңтүстік» электр жалғастыру желісінің бірінші бөлігі пайдалануға беріледі. Бұл тағы 100 мегаватт қуат береді. Бүгінгі жағдаймен 1 млрд 586 млн теңгеге 110 киловольттан 6 кіші станция салнып аяқталып келеді: «Геологострой», «Сайран», «Южная», «Самал», «Новозападная», «Центральная»станциялары. Сондай-ақ, биыл «Арман» және «Центральная» кіші станцияларын жаңалауға 1 млрд 930 млн теңге жұмсалады. Бұған қоса биыл «КазГУ» және «Новая» атты екі кіші станция салына бастайды», -деді ол.

«Жалпы алғанда биыл жаңа құрылысқа 3,3 млрд теңге жұмсалады», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар