АПК компаниясының кепілдікке қойылған мүлкі заңға сәйкес сатылады - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АПК компаниясының кепілдікке қойылған  мүлкі заңға сәйкес сатылады - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

АПК компаниясының кепілдікке қойылған мүлкі заңға сәйкес сатылады - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

АПК компаниясының кепілдікке қойылған мүлкі заңға сәйкес сатылады. Бұл туралы бүгін, 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясы барысында шараға қатысушы Ораз Жандосовтың сауалына жауап берген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 860
Фото - Caravan.kz

О.Жандосовтың айтуынша, Қазақстан Халық банкі 27-маусымда АПК компаниясының кепілдікке қойылған мүлкін саудаға салады. «Кепілдіктегі мүлікті сату схемасының көмегімен электр қуатын өндіру саласына қарасты бірнеше нысан, атап айтсақ, Қапшағай Су электр станциясы, екі Жылу электр станциясы, Алматы және Алматы облысында тұратын 2 млн. халықты тоқпен қамтамасыз ететін электр желісі мен Алматыдағы екі ірі мейманхана 60 млн. долларға бағаланған бастапқы бағамен сатылады»,- деді О.Жандосов.

Оның пікірінше, кепілдікке қойылған мүліктің бастапқы бағасы кем дегенде 10 есе арзан бағаланып отыр. О.Жандосовтың пайымдауынша, қала және облыс үшін стратегиялық маңызы бар нысандар қолданыстағы жекешелендіру жөніндегі заң талаптарына сәйкес сатылуға тиіс. «Қандай да ірі инвестор мұндай тендерге 10 күн ішінде дайындала алмайды»,- деді ол
Осыған байланысты О.Жандосов В.Школьникке мынадай сауал тастады: егер мемлекет бұл нысандарды шынымен сататын болса, оларды кепілдікке қойылған мүлік түрінде тендерде ірі инвесторлар үшін шектеулі талаптармен сата ма, әлде қолданыстағы жекешелендіру жөніндегі заңға сәйкес, шетелдік кеңесшілерді тарта отырып, ашық тендер арқылы сата ма деген мәселеге министрлік араласа ма?
Бұл сауалға В.Школьник былай деп жауап қатты: «мүлік — банкроттыққа ұшырап, өз мүлкін кепілдікке қойған акционерлік компанияның мүлкі. Ал министрлік сауда-саттықпен шұғылданбайды». Алайда ол үкімет мүшесі ретінде аталмыш процедуралардың заң шеңберінде іске асырылуы үшін бар күшімді саламын деп сендірді.

Перейти к новостям спорта