Әпкемді қожайыны күнде ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әпкемді қожайыны күнде ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді

Әпкемді қожайыны күнде ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді

Көмек сұрап жазған қыздың оқиғасы ешкімді бей-жай қалдыра алмады.

  • 1 Ақпан 2019
  • 598
Фото - Caravan.kz

Хат иесі полициядан көмек болмаған соң тілшілерге жүгінбек болыпты. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы жазды. 

Менің әпкем 9 сыныпта жүкті болды. Әлгі жігіт сотталды. Ағайын-туыс 4 айлық жүкті қызды күнә жасадың деп түсік жасатты. Содан кейін мектепке бармады. Анамызды бір еркекке күйеуге берді. Әулеттің абыройын төккен әпкемді шешем бірге өгей әкенің үйіне ертіп кетті. Анам хат танымайды ,өте жуас кісі. Өгей әкем әпкетайымды сол өңірге әйгілі малшыға араққа айырбастап жіберді. Содан бері ол тозақта.

Мен тұрмысқа шықтым. Оны нағашыларымыз ешқандай жиын, тойға шақырмайды. Оның өлігін де көргіміз келмейді деп, ол жайында біреуі жақ ашпайды.
Қаңтарда аяз сақылдап тұрған түні әпкем тереземді қағып тұр. Аяқ киімі, бұтында дымы жоқ. Қалшылдап, жылы үйге кіріп құлап қалды. Ол біздің үйде жүрді. Ауылда бір жігітпен отау құрды . 4 айдан кейін малшы оның мекен-жәйін тауып алыпты. Үйімізді екі күн торуылдап, әпкемнің үйін сұрастырып біліп, ақыры түнгі төртте күйеуі ,ата-енесінің айқай-шуына қарамай машинаға салып, алып кеткен. Оған мекен-жәйді өгей әкем берген екен.

Әпкем сол малшының құлы. Мал бағады, сиыр сауады. Жалақы алмайды. Күнде ұрып-соғады екен. Әпкем бірде көрші ауылдың малшыларына қашып, сол жақтан пана табады. Тағы да оны қожайыны іздеп, ұрып -соғып, жайлауға алып кетіпті.


Үш жыл бұрын күйеуім оны құлдық қамытынан құтқарамын деп полициямен барады. Нәтижесіз. Полиция да түк шара қолданбаған.

Өйткені біздің қорғанымыз жоқ. Менің , әпкемнің бұл азаптан құтыламыз деген үмітіміз жоғалды. Алайда сіздердің бағдарламаны көрген сайын осы жоғалған үміт оянды.

Әпкемді тозақтан, құлдықтан құтқарыңызшы. Ол малшы, сауыншы ғана емес. Жыныстық қатынасқа да мәжбүрлейді екен. Шындықты қалай жасырамын. Ол жылағанда сүйегім сырқырайды , — көрерменнің көз жасы жанға батты.

30 жастағы бойжеткеннің тағдырын тәлкекке түскенде туысқандары неге бүлк етпейді? Қатыгез екен.

Жүкті болғаны үшін күстаналап, елден қуғаны ақылға сыймайды.
Кейбір фактілерді зерттеп жатырмын,- деп жазды журналист өз парақшасында. Әзірге оқиғаның қай өңірде болғаны жарияланбай отыр.

Соңғы жаңалықтар