АПК-ның жаңа бас директоры болып Марат Дұлқайыров тағайындалды.
Бұған дейін М.Дұлқайыров KEGOC АҚ-ында істеген. Түрлі жылдары «Алматы суы» ЖАҚ Бірлескен кәсіпорнын басқарды, Алматы қалалық әкімшілігі төрағасының орынбасары , Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
Бұған дейін АПК-ның бас директоры болған Уәлихан Асанбаев бас директордың орынбасары болып тағайындалды.