Жарияланды: 420

Аптап ыстықта Семей қаласының біраз бөлігі ауыз сусыз қалды

Аптап ыстықта Семей қаласының біраз бөлігі ауыз сусыз қалды. Бүгін “Шығысэнерготрейд” қаланы сумен қаматамасыз ететін мекемені   қарызы үшін электр қуатынан ажырата бастады. Былтыр да энергетиктер осындай шараға барған еді.

Қарыз сол күйі өтелмепті. Биылдың өзінде су таратушы мекеменің “Шығысэнерготрейд” алдындағы қарызы 40 млн теңгеге артып, 240 млн теңгені құраған. Пайдаланған тоқтың ақшасын өндіру үшін энергокомпания Жоғарғы сотқа дейін шағымданыпты. Алайда еш нәтиже шықпаған. Бүгін енді үш насос жарықтан ажыратылып, Ертістің сол жақ бетіндегі үйлердің жоғарғы қабатына су жетпей жатыр. Қалған насостарды да электр қуатынан ажыратуды жоспарлап отырған “Шығысэнерготрейд” судан ажыратылатын аудандардың кестесін де жасап қойған.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін