«Жастарға арналған мәдени Олимпиада» аталған Дүниежүзілік слеттің ашылу салтанаты сәрсенбі күні кешке өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Биыл елдің оңтүстік-батыс жағалауындағы іс-шараға 158 елден 43 мыңға жуық жас скаут жиналды.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 108 қатысушы ыстықтан зардап шекті. 31 адам бас ауруы мен іштің ауыруына шағымданып, медициналық көмек сұрады. Екі адам әлі де медициналық мекемелерде емделуде.
Ұйымдастыру комитеті қосымша медициналық персоналды — 30 дәрігер мен 60 медбикені тартатынын және лагерьдегі пациенттерге күтім жасау үшін төсек санын 220-ға дейін арттыратынын айтты.
Қазіргі уақытта мұнда 70 төсек орналастырылған.
Іс-шараның соңғы бөлігінің алдында бірнеше адам есінен танып қалды. Өрт сөндірушілер іс-шараны тоқтатуды талап етті.
Кейінірек ұйымдастыру комитетінің өкілдері скауттарды әдеттен қатты ыстықтан қорғау үшін қосымша шаралар қабылдауға уәде берді.
Провинцияда ыстық күн райы слеттің соңына дейін сақталады деп болжанып отыр.
Солтүстік Чолла провинциясының 14 аймағында, соның ішінде Буанда қатты ыстық болатыны туралы ескерту жарияланады.