Жарияланды: 460

"Ақ Ауыл" корпорациясына құрылысқа арнап жер телімін сатқан адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды - ҚР Бас прокуратурасы

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Ақ Ауыл" корпорациясына құрылысқа арнап жер телімін сатқан адамның үстінен 512 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Алматы облыстық прокуратурасының тексеру материалдары бойынша Алматы облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті В.Югай есімді адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің салық төлеуден жалтару жөніндегі 221-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды",- делінген хабарламада. Алматы облыстық прокуратурасы құрылыс салушы компаниялардың үлестік құрылыс жөніндегі заңнаманы сақтау және үлескер азаматтардың дер кезінде сапалы әрі қауіпсіз баспана алу құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тексеру жүргізу барысында "Ақ Ауыл" корпорациясы" АҚ-ның филиалы "Премьера" тұрғын үй кешеніне тапсырыс беруші екені анықталды. "Тексеру барысында филиал үлескерлерден 12 млрд 417 млн 69 мың 907 теңге көлеміндегі қаржысын тартқаны анықталды. "Премьера" тұрғын үй кешенін салуда пайдаланылған, кадастр нөмірі 03-047-422-217 болатын 7,5000 га жер телімі бұған дейін Югай Валерий Геннадиевичке тиесілі болған", -делінген хабарламада. Прокуратура мәліметінше, 2007 жылдың 5 сәуірінде аталған жер телімін В. Югай "Ақ Ауыл" корпорациясы" АҚ-ына 5 млрд 120 млн теңгеге сатқан. "Югай Г.В. бұл жылжымайтын мүлікті сатып алған кезде ол көпқабатты тұрғын үй салу үшін сатып алғандықтан, жер телімі кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану үшін алынған", - деген қорытынды жасайды прокуратурадағ,ылар. Осыған байланысты, алдында кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану үшін салып алынған жер телімін сатудан түскен кіріс жеке тұлғаның басқа да кірістеріне жатады. "Салық кодексінің 145-ші бабына сәйкес, сыйақы түрінде тапқан кіріс пен дивиденд түрінде тапқан кірістен басқа салық төлеушінің кірістеріне 10% ставкамен салық салынады", - делінген хабарламада. Ал прокуратураның мәліметінше, Алматы қаласының Алмалы аудандық Салық комитетінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген салық төлеуші Югай В.Г. әкелген шоттарға сәйкес, төленетін көзде салық салынбаған 5 млрд 120 млн теңге кірістен 10% -дық (512 млн теңге) салық төленбеген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін