Ақ Азиада - 2011 билеттеріне сұраныс жоғары болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ Азиада - 2011 билеттеріне сұраныс жоғары болмақ

Ақ Азиада - 2011 билеттеріне сұраныс жоғары болмақ

Ақ Азиада - 2011 билеттеріне сұраныс жоғары болады.

  • 27 Қыркүйек 2010
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бүгін астанада өткен баспасөз мәслихатында Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның вице-президенті Евгений Никитинский осындай сенімділік білдірді.

«Билеттерге сұраныс өте жоғары болады. Біздің пікірімізше, Қысқы ойындардың ашылу және жабылу рәсімдері, коньки тебу, ерлер арасында шайбалы хоккей және әдеттегідей мәнерлеп сырғанау аса үлкен қызығушылыққа ие болады», дейді ол.

Оның айтуынша, билеттер қараша айының және желтоқсан айларының орта кезінде сатылымға шығады. Оларды кассаларда және интернет арқылы тапсырыс жасап сатып алуға болады.

Билет бағасы нақты белгіленген жоқ. Бірақ оның құны шетелдіктер мен қазақстандықтар үшін бірыңғай етіп қойылады. Сонымен қатар қалталы азаматтар үшін VIP-билеттер ұсынылмақ.

«Билет бағасының тұжырымдамасы VIP-билеттердің болуын ескереді. Ал көпшілікке арналған билеттердің құны бірдей етіп қойылады. Билеттердің бағасы әлі белгіленген жоқ. Сондықтан мен нақты айта алмаймын. Дегенмен жай билеттер мен VIP-билеттерінің баға айырмашылығы 30 пайыз деңгейінде», дейді Е.Никитинский.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера