Ақ Азиаданың үшінші күні спорттың жеті түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ Азиаданың үшінші күні спорттың жеті түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады

Ақ Азиаданың үшінші күні спорттың жеті түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады

7-Қысқы Азия ойындарының үшінші жарыс күнінің бағдармамасына сәйкес, бүгін спорттың жеті түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

  • 2 Ақпан 2011
  • 595
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Астанада конькимен жүгіру спортынан әйелдер арасында 25 айналымдық масстарт, ерлер арасында 35 айналымдық масстарт өтеді. Республикалық велотректе шорт-тректен әйелдер 1000 метрге, ерлер 1000 метрге жарысады. Сонымен қатар шорт-тректен әйелдер арасында 3000 метрлік эстафета жарысы, ерлер арасында 5000 метрлік эстафета жарысы болады. Бұған қоса шайбалы хоккейден премьер-дивизионындағы командалар арасында өтетін ойындар аясында Бахрейн-Қырғызстан, БАӘ-Моңғолия, Тайланд-Малайзия командалары кездеседі.

Ал Алматыдағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруден жекелей сын өтеді. Солдат шатқалындағы Шаңғы-биатлон стадионында әйелдер арасында 10 шақырымдық жекелей сын, ерлер арасында 15 шақырымдық жекелей сын өтеді. Осы стадионда битлоннан ерлер арасында 12,5 шақырымдық ізге түсу жарысы өтеді, сондай-ақ шаңғымен бағдарлаудан әйелдер мен ерлер орташа қашықтыққа жарысады. Бұған қоса «Медеу» биік таулы мұз айдынында допты хоккейден алдын ала ойындар өтеді.

Айта кетейік, Ақ Азиаданың екінші жарыс күнінен кейінгі нәтиже бойынша, бейресми жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Біздің команданың қоржынында 10 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль бар. Екінші орында 6 алтын, 6 күміс және 4 қола медалі бар Қытай құрамасы келеді. Үшінші орында 5 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлдені еншілеген Оңтүстік Корея құрамасы тұр. 4 алтын, 5 күміс және 8 қола медальмен Жапония құрамасы төртінші орында келеді. Сонымен қатар бір-бір қола медальдардың иегерлері атанған Иран мен Моңғолия өзара бесінші және алтыншы орындарды бөлісуде.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера