«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда олқылықтарға жол бергендер жазаға тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда олқылықтарға жол бергендер жазаға тартылады

«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда олқылықтарға жол бергендер жазаға тартылады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда олқылықтарға жол бергендер жазаға тартылатындығын баса айтты.

  • 19 Қараша 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz

«Өңірлік даму министрлігіне, облыс әкімдеріне жыл қорытындысында осы бағдарлама аясында қарастырылған жобаларда олқылықтар жіберген және қаржыны игермеген жауапты тұлғаларды жазаға тарту туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын», — деді Үкімет басшысы.


Сонымен қатар С.Ахметов әкімдерге бюджеттік қаржыны жоспарлауда, әсіресе, жоспарлау кезеңінде сапасын арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды жүктеді.