Ақ қан ауруының асқынған түріне шалдыққан жеткіншек көмекке зәру - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақ қан ауруының асқынған түріне шалдыққан жеткіншек көмекке зәру

Ақ қан ауруының асқынған түріне шалдыққан жеткіншек көмекке зәру

Алматыда тағы бір бүлдіршін аты жаман індетке шалдығып, қаржылай көмекке зәру болып отыр. 11 жастағы Әлия Дәрібаеваға ақ халаттылардың қойған диагнозы-лейкимия. Ақ қан ауруының асқынған түріне шалдыққан жеткіншекке отандық дәрігерлер көмек қолын созуға қауқарсыз дейді қамыққан ата-ана. Сондықтан, қыздарын Германияда емдетуге тура келеді. Бірақ, оған қалтаның таяздығы қолбайлау болып отыр.

  • 15 Қараша 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

Дәрібаевтар отбасының күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылғандарына бір айдың жүзі болды. Өйткені, жалғыз қыздары Әлия ақ қан ауруына шалдыққан. Содан бері анасы қаршадай қыздың маңынан бір қадам шыққан емес. Себебі, аты жаман аурудан сәбиі күн санап әлсіреп барады. Бауыр еті баласының қиналғаны, әсіресе анасының жанын жегідей жеуде.

Айман Дәрібаева, анасы:

— Басын төсектен көтермейтін болды, тек керек-жарағына тұрмаса. Үнемі дене қызуы көтеріліп жүреді. Ендігі бар үмітіміз шетелде емдету. Оның өзінде уақытты көп создырмау керек.

Тек дәрі-дәрмектің күшімен жүрген 11 жасар қыздың денесі ісініп, індеті асқынған. Сондықтан, отандық дәрігерлер оның дерттен аман қалуы екіталай дегенді алға тартуда. Үмітін үзбей отырған тек ата-анасы ғана.


Әлия Дәрібаева, науқас:

— Бастапқыда қатты ауыратынмын. Ішім бүріп ауырғанда түнімен ұйықтай алмаған күндерім де болды. Қазір екпе алғалы бері жақсымын.

Осылайша, қыздарының өмірге деген үміт отын ұялатқан ата-анасы ұзаққа созбай Германияға жол жүруді жоспарлап отыр. Айтуларынша, неміс мамандары бүлдіршіннің айығып кетуіне кепілдік беріпті. Тек химиялық жолмен емделудің өзі мұнда 100 мың доллар. Қомақты қаржыны таппай шарқ ұрған ата-ана енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар