"Ақ жол" партиясы мәжіліс сайлауы "әділетсіз" өтті деп мәлімдейді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" партиясы мәжіліс сайлауы "әділетсіз" өтті деп мәлімдейді

"Ақ жол" партиясы мәжіліс сайлауы "әділетсіз" өтті деп мәлімдейді

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы мәжіліс сайлауы "әділетсіз" өтті деп мәлімдейді. Бұл туралы бүгін, 20-қыркүйекте партияның саяси атқару комитетінің жетекшілері Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Ақ жол» Демократиялық партиясының үміткерлері, сенімді өкілдері мен бақылаушылары «сайлау туралы заң талаптарын бұзуға қатысты мыңнан астам оқиға тіркеді»,- дейді партияның тең төрағасы Болат Әбілов.

«Ақ жол» Демократиялық партиясының арнаулы мәлімдемесінде атап көрсетілгеніндей, «сенімді өкілдері мен бақылаушыларды дауыс беретін орындарға жібермеуге, дауыс беретін бөлмелерде әкімшілік өкілдерінің сайлау барысын бақылауына, бір қолға бірнеше бюллетень беруге, азаматтарға жекелеген үміткерлер немесе саяси партиялардың пайдасына алдын-ала толтырылған бюллетеньдерді беруге байланысты көптеген деректердің беті ашылды». «Бұдан басқа да қайшылықтар жетіп артылады». Б.Әбіловтың айтуынша, осындай бүкіл дерек бойынша сотқа шағымдар әзірленуде. «Ақ жол» сондай-ақ заң бұзушылыққа қатысы бар адамдарды, оның ішінде Орталық сайлау комиссиясының төрайымы мен мүшелерін, облыс, қала және аудан әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді.
«Қазіргі билік өзінің әділетті саяси бәсекелестікке әзір емес екенін паш етті»,- делінген мәлімдемеде. «Ақ жол» жетекшілерінің пайымдауынша, «Орталық сайлау комиссиясы мен атқарушы органдар сол арқылы өздерінің сайлауды әділетті ұйымдастырып өткізуге, азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге мүлдем қабілетсіздігін көрсетіп берді».
Партия жетекшілерінің мәлімдеуінше, олардың алдын-ала мәліметіне сәйкес, өткен сайлауда «Ақ жол» партиялық тізім бойынша дауыс берушілердің үштен бір бөлігінің дауысына ие болған. Ал партияның бір үміткері бір мандатты округ бойынша жеңіске жетті. Тағы 10 адамның екінші турға өтуге мүмкіндігі бар.

Перейти к новостям спорта