"Ақ жол" партиясы президентті саяси реформаларға қатысты референдум өткізу жөнінде бастама көтеруге шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" партиясы президентті саяси реформаларға қатысты референдум өткізу жөнінде бастама көтеруге шақырады

"Ақ жол" партиясы президентті саяси реформаларға қатысты референдум өткізу жөнінде бастама көтеруге шақырады

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы президент Нұрсұлтан Назарбаевты "нақты бағыттары мен оны жүзеге асыру мерзімін көрсете отырып, саяси реформаларға" қатысты республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтеруге шақырады. Бүгін, 6-қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында "Ақ жол" төрағасы Әлихан Бәйменов осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2005
  • 346
Фото - Caravan.kz



Ә.Бәйменовтың пікірінше, «конституциялық реформаларды жүзеге асыру арқылы саяси жүйені демократияландыру» мәселелері референдумға шығарылуы тиіс.
Партия жетекшісінің пікірінше, атап айтсақ, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау, депутаттар санын арттыру, парламенттің құзыретін кеңейту, мемлекеттік басшысының құзыреті аясын шектеу, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасау сынды мәселелер бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылуы тиіс.
Алдағы президент сайлауына үміткер ретінде қатыса ма деген журналистер сауалына Ә.Бәйменов мұндай мүмкіндікті жоққа шығармаймын деп жауап берді. Алайда, оның айтуынша, бұл мәселе қыркүйектің 15-25-жұлдызына белгіленген партияның ҮІ сьезінен кейін анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта