«Ақ жол» партиясында ауыс-түйістер болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ жол» партиясында ауыс-түйістер болуы мүмкін

«Ақ жол» партиясында ауыс-түйістер болуы мүмкін

«Ақ жол» партиясының жетекшісі жұмадан бастап аталған саяси ұйымның тізгіні «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашевтың қолына өтуі мүмкін екендігін айтты.

  • 1 Шiлде 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Атамекенмен» бірігеміз деуге болмайды, бірақ «Атамекен» одағына» кіретін кәсіпкерлермен келіссөздер жүріп жатыр. (…) Саясатта мәңгі ештеңе жоқ. Бұл жерде біреудің жеке басының мүддесі емес, партияның мүддесі маңызды. Мен партиядағы үзеңгілестерімнен қызметтен босатуды сұраған да болатынмын, бірақ олар бұл ойымды құп көрмеді. Партия ешкімнің жеке меншігі емес, оның мүддесі менің жеке мүддемнен жоғары екенін түсіну қажет», — деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында партия басшысы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

Осы орайда, ол жұма күні кеште партия президиумының отырысы өтетінін, сонда кәсіпкерлік құрылымдармен бірге сайлауға қатысу мәселесі шешілетінін жеткізді.
Әлеуметтік сауалнамаларда «Нұр Отаннан» кейін екінші орында тұратын «Ақ жол» бүгінде өзіндік брендке айналып үлгерді. Алдағы уақытта оны жаңа күшпен толықтыру қажет. Бұл партияның сайлаудағы мүмкіндіктерін арттырады», — деп атап өтті Ә.Бәйменов.

Соңғы жаңалықтар