«Дегенмен, бұл — баршамыз айыптайтын оқиға»,- деді Б.Әбілов. «Мұндай оқиға елімізде болуға тиіс емес»,- деді ол. Ол жарылыстарды «сайлау қорытындысына көңілі толмайтындар ұйымдастырған болуы ықтимал» деген мәлімдемені «сандырақ» деп бағалады.
Сонымен бірге Б.Әбілов осыдан бірнеше апта бұрын бірқатар БАҚ-тарда жарияланған ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаевтың мәлімдемесіне назар аударды. «Осыдан екі апта бұрын ҰҚК-нің төрағасы сөз сөйлеп, Қазақстанға лаңкестік жетті деп мәлімдеген болатын. Меніңше, бұл — елімізде лаңкестік әрекеттерге байланысы бар бірдеме болады дегенді тұспалдап сездіру секілді. Енді міне, көп кешікпей жарылыстар шығып отыр»,- деді Б.Әбілов.
Алайда, «Ақ жол» партиясының тең төрағасы жарылыстарды әзірледі деп арнаулы қызметерді айыптап отыр ма деп тікесінен қойылған сауалға былай деп жауап берді: «Мен оны айыптап отырған жоқпын. Бірақ, ол осыдан екі апта бұрын елімізге лаңкестік келді деп мәлімдеді емес пе. Арнаулы мекемені басқарушы ретінде ол білуге тиіс».
«Мен бұл оқиғаны пионерлердің ойынына балаймын. Бұдан да күрделірек бірдемені жүзеге асырғысы келсе, салмақты нәрсемен айналысар еді. Ал бұл — «Отан» партиясы үшін пиар ғана болды»,- деді Б.Әбілов.