"Ақ жол" партиясының тең төрағасы Б.Әбілов Алматы қалалық сотының шешіміне қарсы соттың жоғарғы сатысына шағым түсірмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" партиясының тең төрағасы Б.Әбілов Алматы қалалық сотының шешіміне қарсы соттың  жоғарғы сатысына  шағым түсірмекші

"Ақ жол" партиясының тең төрағасы Б.Әбілов Алматы қалалық сотының шешіміне қарсы соттың жоғарғы сатысына шағым түсірмекші

"Ақ жол" партиясының тең төрағасы Б.Әбілов Алматы қалалық сотының шешіміне қарсы қалалық соттың қадағалаушы комиссиясына шағым түсірмекші. Бұл туралы Б.Әбілов бүгін, 23-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

  • 23 Тамыз 2004
  • 688
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан жоғарғы сотында әлі де екі саты бар»,- деді Б.Әбілов. «Сотталған адам сайлауға қатысуға тиіс емес»,- дегенді еске салған Б.Әбілов дейтұрғанмен «түсіп беруге дайын емес екенін» және «республиканың саяси өміріне араласуды доғармайтынын» атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-шілдеде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының шешімімен жалған жала жапқаны үшін 1,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылғаны белгілі. Ал 20-тамызда Алматы қалалық сотының судьясы Тілеулес Нақысбеков Бостандық аудандық сотының шешімін өз күшінде қалдырды.
ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің «Ақжол» партиясының тең төрағасы Әбілов өзін өтірік ғайбаттады деп айыптаған шағымы бойынша қылмыстық іс Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында 12-шілдеден қарала бастаған. Сондай-ақ, М.Тінікеевтің Б.Әбілов, «31-арна телерадиокомпаниясы» ЖШС мен «Навигатор» газетінің қожайынына қарсы ар-ұждан мен іскерлік беделді қорғау және Б.Әбіловтың жалған жаласы салдарынан шеккен моральдық шығынды өтеп беру туралы азаматтық іс те қарала бастады.
Бүгін, 23-тамызда Бостандық аудандық сотында азаматтық іс қарала бастады.
Азаматтық іс бойынша әрбір басылымның шағым құны 1 млн. долларды құрайды.
«Ақжол» партиясының тең төрағасы 7 және 16-мамырда республикалық тәуелсіз телеарнаның эфирінде М.Тінікеевті парламенттегі орынды иемдену үшін 100 мың доллар пара берді деп айыптаған. Бұған жауап ретінде мәжіліс депутаты Б.Әбіловтан таққан айыбына бір айда дәлел келтіруді және жұртшылық алдында кешірім сұрауды талап еткен. Олай болмаған күнде сотқа шағым түсіретінін айтқан мәжіліс депутаты бір айдан кейін уәдесін орындап, жалған жала жапқаны үшін Б.Әбіловты сотқа берді. Сондай-ақ, ол өзінің беделін түсіріп, ар-ұжданына нұқсан келтіргені үшін шағым түсірді. Шағым құны 10 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта