«Конституциялық реформалардың бірінші кезеңін келесі парламент сайлауына дейін созудың негізі жоқ»,-деп атап өтті Ә.Байменов. «Келесі парламент сайлауына дейін Конституцияға өзгерту енгізу қажет, әсіресе парламент пен саяси партиялардың құзырына қатысты тұстарына»,-деді ол.
Партия жетекшісі мемлекеттік комиссия мүшелерін, жұмысшы топтың Конституция күшін жүзеге асыру және Қазақстанның конституциялық даму болашағы туралы әзірлеген ұсыныстарымен таныстырды.
«Ең әуелі , бұл саяси жүйедегі парламент ролін бақылау құзыретін кеңейту арқылы арттыру»,-деді Ә.Байменов. «Біздің ойымызша парламентке Конституция бойынша заңға түсінік беру құзырын ұсыну және парламенттік зерттеулер институтын енгізу маңызды мәселелердің бірі»,-дейді ол.
Ә.Бәйменовтың айтуынша, » партия тізімі бойынша сайланатын депутаттардың санын арттыру арқылы мәжіліс өкілеттігін кеңейту шараларын қолға алу қажет». Оның пайымдауынша, «орталық сайлау комиссиясын құруда және сайлау науқанын қадағалауда мәжіліс пен партия құзырын кеңейту шаралары маңызды» .
Сондай ақ , ол жұмыс тобында Қазақстанда бір палаталы парламент құру мүмкіндігі қаралып жатқанын жеткізді. » Мен болашақта бір палаталы парламентке көшуді қолдаймын, бұл — менің жеке пікірім»,-деді Ә.Бәйменов.
«Егер, қазіргі Конституцияның қолданылмаған тұстарына тоқталсақ, осы күнге дейін заңды тұрғыда дамымай , жүзеге аспай қалған конституциялық нормаларды айтар едім»,-дейді партия жетекшісі. «Басты заңның принциптері мен нормаларының заңдарда және құқық саласында жүзеге асырылмауы өз кезегінде оның маңызы мен беделін төмендетеді, азаматтардың құқықтық санасына кері әсер етеді, оған қоса Конституцияны негізсіз сынауға жол ашады»,-деп қортындылады өз сөзін Ә.Бәйменов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті