"Ақ жол" және "Әділет" республикалық саяси партиялары бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" және "Әділет" республикалық саяси партиялары бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайды

"Ақ жол" және "Әділет" республикалық саяси партиялары бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайды

АСТАНА. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. "Ақ жол" және "Әділет" Республикалық саяси партиялары бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігінің тілшісі.

  • 26 Желтоқсан 2006
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Әзірге партиялардың бірігуі туралы шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселені партия мүшелері партиялардың съезінде қарастыратын болады. Алайда, мұндай мүмкіндікті әсте жоққа шығаруға болмайды», деді «Әділет» партиясының тең төрағасы Мақсұт Нәрікбаев. Оның айтуынша, «егер ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру барысында партия бағдарламаларын іске асыру жолында және жалпы баға беруде ешқандай алшақтық болмаса» , онда бірігу туралы мәселе нақтырақ талқыланатын болады.

«Әрине , парламент сайлауы жақындай бастағанда, лайықты серіктестік іздестіру процесі басталады, бұл заңды нәрсе, тіпті блок немесе альянс құруымыз да мүмкін», деп атап өтті өз кезегінде «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов.

Журналистердің сауалдарына жауап бере келе, Ә.Бәйменов пен М.Нәрікбаев өз партияларының «Отан» РСП қосылу мүмкіндігін жоққа шығарды.

«Әділет» партиясының жетекшісі: «біз партияның саяси кеңесінде бұл мәселені талқылап, «Отан» саяси партиясымен бірікпейтін боп келістік»,-деді.

«Біздің партия үшін де бұл айқын жағдай. «Отанмен» қосылу мәселесі күн тәртібіне қойылған емес, қойылмайды да», деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Ә.Бәйменов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта