Қырғызстан президентінің айтуынша, оның президенттік өкілеттілік мерзімін ұзарту үшін Конституцияға өзгерістер енгізілмекші деген ақпаратты оппозиция өкілдері мен шетелдік сарапшылар таратып жүр және ол шындыққа мүлдем жанаспайды. «Өз басым қазіргі конституцияға өзгеріс енгізуге құлық танытып көрген емеспін және ондай ниетім де жоқ»,- деді А.Ақаев. «Бұған дейін де бірнеше мәрте мәлімдегем, қазір де қайталаймын, оппозицияның маған таңып отырған жалған ақпараты — бұл»,- деді Қырғызстан мемлекет басшысы.
А.Ақевтың пікірінше, 2003-жылғы реформадан кейін дәл қазір Конституцияға өзгеріс енгізетіндей ешбір қажеттілік жоқ. «Еліміздің Конституциясын тек парламенттік билікке көшу бағытында ғана өзгертуге болады»,- деді президент. «Бұрын біз президентттік республика болдық. Ал қазіргі Конституция президент пен парламент елді тепе-тең басқару үлгісін бекіткен. Арықарай тек парламенттік билікке ден қою қалып отыр»,- деді А.Ақаев.