Ақбақай КБК алтын фабрикасын қалпына келтіру шілдеде аяқталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбақай КБК алтын фабрикасын қалпына келтіру шілдеде аяқталмақ

Ақбақай КБК алтын фабрикасын қалпына келтіру шілдеде аяқталмақ

Ақбақай кен-байыту комбинатының алтын өндіру фабрикасын қайта қалпына келтіру мен жаңғырту жұмыстары шілде айында аяқталады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

Жоба құны 8,14 млрд теңге.

Қазіргі кезде қалдықтарды сақтайтын қойма, сұйықтық құятын және шайма резервтер құрылысы аяқталуға жақын.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, фабриканы қалпына келтіру мен жетілдіру нәтижесінде Ақбақай кеніштерінің өнімділігі 5 есе артып, жылына 1 млн тоннаға жуық шикізат алынбақ.
Фабриканы жаңғырту жобасы жеделдетілген мндустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Және ол 2010-2020 жылдарға арналған «Ақбақай кластері» жобасының бірінші кезеңіне жатады. Жобаның жалпы құны 32 млрд теңге.
Ақбақай КБК құрамына «Ақбақай» кеніші, құрамында алтыны бар рудалар өндіретін ашық кеніш, кен-байыту фабрикасы, сынап пен сульфид қоспаларын өңдеуге арналған электр-металлургия цехы кіреді.

Соңғы жаңалықтар