Ақбота Керімбекова тағдырлас болған Мөлдір Әуелбековаға кеңесін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Керімбекова тағдырлас болған Мөлдір Әуелбековаға кеңесін айтты

Ақбота Керімбекова тағдырлас болған Мөлдір Әуелбековаға кеңесін айтты

Ақбота Керімбекова өзімен тағдырлас әріптесіне қолдау білдірді. Өнер иесі күйеуімен ажырасып, ұлымен жалғыз қалған Мөлдір Әуелбековаға өз кеңесін айтты.

  • 7 Қараша 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

“Мөлдір дұрыс айтты немесе дұрыс айтпады дей алмаймын. Бір жағынан дұрыс та шығар. Ол да жас. Кім бақытты болғысы келмейді? Ертеңгі күні не болатынын білмейміз ғой. Қолдан келгенше жақсы болуға, бақытты болуға тырысасың. Кейде болмай жатады. Оның бәрін даттай беретін болсақ, елімізде жақсы адам қалмайды. Сол себепті жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасыру керек, деп жазды  Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап.

Мөлдірді өз басым әнші ретінде, адам ретінде құрметтеймін, сыйлаймын. Алдыңда “әпкелеп” шапқылап жүреді. Жаман пікір айта алмаймын, бақытты болсын. Өмірін сүрсін, әрі қарай ұмтылсын, күрессін. Ұлы бар. Бір рет ұрындым деп… Әрине, қолдан келсе отбасының бүтін болғаны жақсы. Бірақ қиын. Мықты болуға талпыну керек”, – дейді Керімбекова.


Соңғы жаңалықтар