Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен әлі де мамасының баласы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен әлі де мамасының баласы

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен әлі де мамасының баласы

Елді шулатып жүрген Ақбота мен Дәурен есімді жұлдызды жұп қайтадан жұртшылықтың назарына ілікті.

  • 27 Қазан 2017
  • 2375
Фото - Caravan.kz

Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына келген Ақбота Сейітмағамбет көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Дәуренмен "ажырастық" деп мәлімдеме жасап алып, шетелге саяхаттап келген актриса жеке өмірі туралы бар шындықты айтты, — деп хабарлайды Today.kz.

Әнші Дәуренмен бірге тұрмаса да, әріптес ретінде жақсы араласатынын жеткізді. Айтуынша, оны әлі де сүйеді екен. Бірақ, олардың ажырасуына актердің анасының сөзінен аса алмауы кедергі болған.

"Дәуренмен қазіргі уақытта бірге тұрмаймыз, біраз уақыт болып қалды. Көп түсініспеушіліктер болған соң, біраз уақыт бөлек тұрайық деп ұйғарып, екі жаққа кеттік. Мен ол кісіні жаман дей алмаймын, өте балажан. Ашумен біраз айтқан болатынмын. Ол кісінің жақсы жақтары бар. Актерлік жағынан талантты, әкелік махаббатын айтатын болсам тағы жақсы. Бір кемшілігі, "мамасының" баласы", — дейді Ақбота.

Сондай-ақ, ол Дәуреннің ата-анасы өзін жақсы қабылдағанын, олармен әлі күнге дейін араласып тұратынын мәлімдеді.

"Ұлына көмектесіп тұрады. Ер адамның намысына тигім келмейді. Ата-енем мені жақсы қабылдады. Біз ажырасамыз дегенде таңғалды. Біраз уақыт қараңдар, өздерің көріңдер деді. Мені де қыздарындай
жа
қсы көреді. Арамыз үзілген жоқ. Дәурен қазір атаанасының үйінде. Мен оны сүйдім, әлі де сүйемін. Арамызда біраз жайттар болды.

Бірақ ол кісі де халықтың сөзінен шаршады деп ойлаймын. Ойландым, толғандым. Жүрек қалап тұрған адамды әрі итере алмайды екенсің. Басында апам, көкем, жеңгелерім қарсы болды. Ол жақтан оның баяғы жұбайы шамалы шатақ шығарып, болмаған нәрселерді айтып, арамызға түсіп жатты. Басында екінші әйел алуға келісім бергенімен, мені көрген соң сөзінен тайды. Көбінесе қазір ұлыммен жұбанамын", — дейді көз жасын тоқтата алмаған әртіс.

9 жасында анасынан айырылып, нағашыларының қолында өскен әнші марқұм әкесінің туыстарымен бүгінде араласпаймын дейді. Ал өзін "некесіз бала туды" деп сынаушыларға Ақбота өкпесін жеткізді.

"Шариғат бойынша некемізді қиғанбыз, өсіп келе жатқан баламды некесіз деп айтып атына лас келтіретіндер олай айтпаса екен. Біз ресми некеге тіркелмедік, бірақ шариғат бойынша туыстарымызбен барып, некемізді қидырдық. Бұл — Дәуреннің шешімі. Оның ойынша, мұсылмандық неке ғана маңыздырақ", — деді әнші.

Соңғы жаңалықтар