Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен менің үйде хиджап киіп отырғанымды қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен менің үйде хиджап киіп отырғанымды қалады

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен менің үйде хиджап киіп отырғанымды қалады

Үш баласы бар актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, жуырда ажырасып кеткендерін мәлімдеген Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы күйеуінен хиджап киіп, үйде отырғанын қалағаны үшін ажырасып кеткенін айтты.

  • 26 Қараша 2017
  • 313
Фото - Caravan.kz

Tengrinews сайтының "The Эфир" бағдарламасына берген сұхбатында Ақбота былай деді:

"Егер ол кісі отбасыға деген көзқарасын өзгертсе неге қайтадан қосылмасқа? Білмедім, өзінің отбасыға деген көзқарасы басқашалау. Намаз оқитын, ұзын хиджап киіп, үйде отыратын әйелді көреді. Оның ойындағы әйел ешқайда шықпайтын, құрбыларымен араласпайтын болуы керек. Ал менің отбасыға деген өмірлік көзқарасым басқаша. Күйеуі де, әйелі де неге жұмыс істемеске? Неге басқалармен де араласпасқа? Неге бірге қол ұстасып көшеде жүрмеске? Ал ол кісінің ойы бойынша басқа. Сондықтан біз шамалы келіспей қалдық", — деді ол.


Бес жыл көлеміндегі жоспарымен бөліскен актриса екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін екенін айтты.

"Ертең мысалға, ертең мен өмірлік серігімді тауып жатсам, балам мені қызғанып тұрмысқа шығармай қоюы мүмкін. Үлкен кісілер де бала есін білмей тұрған кезде тұрмысқа шығып кет деп ақыл-кеңесін айтып жатады",- дейді ол.

Сондай-ақ актриса Дәуреннің бірінші жары түсірілім барысында өзін аңдығанын да айтты. Бүгінде әншіліктен кетіп, актрисалыққа бет бұрсам деген Ақбота продюсер іздеп жүрмін дейді.