Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бағдарлама барысында Шерхан Пірназар Ақботаға ұсыныс жасады. Әнші көзіне жас алып, сенер-сенбесін білмеді.
“Шынымды айтсам, мен бұндай ұсыныс күткен жоқпын. Сен әзілдеп тұрған шығарсың. Пранк болса, менімен олай ойнама. Мен алдандым. Не айтарымды да білмей тұрмын. Мен сенің не ойлағаныңды білмеймін. Саған мен секілді әйелдің не керегі бар? Мен ойланайын. Сен мен үшін жақсы доссың, әріптессің. Сөзімді жерге тастамайсың. Бірақ бұлай ұсыныс айтады деп ойламадым. Сондықтан не айтарымдым білмеймін“, – деді қобалжып.
Қатты толқып, жылап қалған Ақбота сақинаны өзі тағып алды. Дегенмен, бұл оған жауабы емес екенін ескертті.