«Топтан кететін ойым жоқ еді. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты мәжбүр болып тұрмын. Барлығы маған әйел бақытын тілеп жатады. Алланың қалауымен мен де әйел бақытына бөленіп, ана атануым керек», – деп мәлімдеді әнші.
Айтпақшы, Ақбота басты рөлді сомдаған «Гламур для дур» фильмі бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.