Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Әнші:
“Алдарыңыздағы, кейіпкердің бейнесінен ақ бір түрлі жәйсіздық пен сүркей өмірді, өң-ретін қашырып тұрған беймаза күйді аңғарып үлгерген боларсыздар бәлкім…
Иә, еркекке жүрек керек,
Әйелге тірек керек демекші, жүрегі жоқ ,қатігез ер азаматтардың жанында, әу бастағы құр-сылдыр сөзіне сеніп, тағдырын қолына тапсырып тұрмысқа шығып, одан ары қарай тірегім болады деген зор үміті селге кетіп, есеңгіреп жүрген әйел заты қаншама?! Шіркін! Үзілмейтін үміт ай, адам болып кетер, жарасып кетерміз, жұмсарар, түсінер , ане, міне…бітпейтін ақтаулар!
Қайран көңіл кешірімді, оны ұғынар азамат болса қанекей!
Ең соңында , тіпті ортадағы бала үшін деп шыдай түсетінін қайтерсің сорлы жүректің😓
Әйел затына тән бақыт қайда? нәзіктік? еріне сүйеніп шырмауықтай бұрала өсетін , құлпыра түсетін гүл қайда?
Еңлік қанша тығырыққа тірелседе, ішкі дүниесі тілім-тілім болып жатсада сынбай келе жатыр әлі-де..
Оның қайсарлығы қай жерге дейін жетер екен?
“Бақыттың кілті”,- деп жазбасын аяқтады.
Желі оқырмандары бұл кинодағы кейіпкердің образы екенін кейіннен аңғарған сияқты.
“Жылама Боташым әлі-ақ бақытты болып кетесің”,”Қайсар қыз тек қана алға”,”Сен мықтысың”,”Кинодағы образыңыз шын өмірде сізг ұқсайма қалай?”,”Мен өзіңіз жазып отырма екен деп қалдым ғой”,Кино қашан шығады екен”,”Өте әдемісіз ғой”,”Алтыным”,”Тек бақытты болуға лайықтысың”, — деп пікір қалдырды.