Онда астаналық Ақерке Ұшақова чемпион атанды.
25 жастағы астаналық ақтық сында 1984 жылы туған қызылордалық спорт шебері Салтанат Махановадан басым түсті. Ал 3-інші, 4-інші орындарды спорт шеберлігінен үміткер 22 жастағы алматылық Жұлдыз Жанәбілова мен 21 жастағы Тоқжан Бабаева сәйкесінше иеленді. Үздік ондыққа, сондай-ақ астаналық Дарья Лигай мен алматылық Әнел Бекбосынова (1990 ж.), қостанайлық Каристина Карпова (1988ж.), павлодарлық Кристина Карпович (1981ж.), алматылық Бақыт Әбілпейісова (1975 ж.) және павлодарлық Мария Драганова (1986 ж.) енді.