Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы көрсеткіш мынадай:
- Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы "сары" аймақта;
- Басқа өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймаққа енді. Бірақ, көп ұзамай бұл өңір аталған деңгейден қайта шыға алды.
Айта кету керек, Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймақта ұзақ қалған қалалар қатарына енді.