Ақмола облысы: екі келіншек қарияларды сан соқтырып кетті
|
“Ақша ауысады, жиған-терген теңгелеріңізді айырбастаймыз!” Осылайша сайраған екі алаяқ Ақмола облысындағы біраз қарияны сан соқтырып кетті. Жәбір көргендердің айтуынша, екі келіншек өздерін әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері,немесе учаскелік дәрігерміз деп есік қаққан.
Подъездегі бейнекамераға түсіп қалған екі келіншекті көкшетаулық қариялар танып отыр. Көкшетаулық Анфиса Милова осындай алаяқтардың алдауына түскендердің бірі. Есігін қаққан екі әйел өздерін учаскелік дәрігерміз, қарттарға үй-үйді аралап көмек көрсету үшін келдікдеп таныстырыпты.
Анфиса Милова, жәбірленуші:
- Екі әйел келді. Бірі «дәрігермін», қасындағысы «көмекшісімін»деді. Дәрігердің кейпіне кіргені сонша, менен анализ алмақ болды. Бірақ оған келіспедім. Сосын біреуісу сұрады.
“Дәрігер”әйел су сұрап, кейуананы айналдырып тұрғанда екіншісі үйдің ішін тіміскілепті. Сөйтіпзейнеткердің жақында қайтыс болған күйеуі мен ұлының моласын қоршаймын деген 200 мың теңгесін үптеп кеткен.
Зоя Чучалова,жәбірленуші:
- «Біз жүре алмайтын қарттарға көмек көрсетеміз. Ондайлар бізде көп. Ақша ауысып жатыр, жаңа ақшаға ауыстырамыз,жинаған ақшаңызды бере қойыңыз» -деді. Менің шалым да, өзім де ауру. Олай-бұлай болып кетсек деп жинаған 500 мың теңгеден айырылып қалдық.
Азаматшалар облыстағы талай адамды сан соқтырып кеткен. Қазірдің өзінде жергілікті құқық қорғау органдарына 7 зейнеткерден шағым түскен.
Талғат Асылбеков, Көкшетау қалалық ІІБ бастығының орынбасары:
- Олар өздерінің жымысқы әрекетін бір жүйемен істейді. Сондықтан Көкшетауда ғана емес, облыстың әр ауданында дәл осындай әдіспен адамдарды алдап жүрген сол екі әйел екеніне қазір күмән жоқ. Барлық алданғандар осы адамдарды суреттейді.
Полицейлердің қолында подьездегі бейнекамераға түскен таспа бар. Азаматшалар қолға түскенше, тәртіп сақшылары қариялардың сақ болуын ескертуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін