Ақмола облысы: Қарауыл Есенберліұлы Дүйсен биге ескерткіш тақта қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысы: Қарауыл Есенберліұлы Дүйсен биге  ескерткіш тақта қойылды

Ақмола облысы: Қарауыл Есенберліұлы Дүйсен биге ескерткіш тақта қойылды

Ақмола облысында туғанына 350 жыл толған Қарауыл Есенберліұлы Дүйсен биге арналған ескерткіш тақта қойылды. Ол шешендігі мен батырлығымен жергілікті ел тарихында қалған тұлғалардың бірі. Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның кеңесшісі болған өр тұлғаны Зеренді ауданында тұратын ұрпақтары еске алып, құран бағыштады.

  • 21 Маусым 2011
  • 626
Фото - Caravan.kz

Бұл Дүйсен биден тараған 9 ұлдың ұрпақтары үшін  ақ түйенің қарны жарылғанкүн болды.  Тоғыз  ауыл бас қосып, кешегі ел тұтастығы, қазақтың ауызбірлігі жолында тер төккен ұлы аталарының есімін тағы бір жаңғыртты. Сонау  Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама кезінде халқына қамқор болып, қара қылды қақ жарған әділ би атанған Дүйсен би Есенберліұлы хақында бірталай деректер айтылып, оның ұлағатты істері ұрпағына жетіп жатты. 17-ші және 18-ші ғасырлар тоғысында өмір сүрген Дүйсен би Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің жанында жерленген екен. Қасиетті бір уыс топырақ Түркістан жерінен әкелініп, ескерткіш түбіне салынды. Сондай-ақ шежіре кітап шығарылып, ұрпақтарына таратылды.


Мұрат Бекенов, Қарауыл Есенберліұлы Дүйсен бидің ұрпағы
:

Ол кісінің Ақбас деген атақты бүркіті болған. Үлкендерден естігенім:бүркітпен адам сияқты сөйлеседі екен. Бүркіт Дүйсен сөйлесіп отырғанда жауап беріп, айтқанын екі етпеген  дейді. 

Соңғы жаңалықтар