Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Мамыр 2008
  • 402
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «үстіміздегі жылдың 24 мамырында ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Щучье ауданының әкімін пара алғаннан кейін ұстады».

Әкім бопсалаған сомасының 50 мың АҚШ долларын құраған бөлігін алғанынан кейін құрықталады.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы, 311-бабының 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті