Ақмола облысы: тұқым себілмеген жерлерді өңдеуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысы: тұқым себілмеген жерлерді өңдеуге кірісті

Ақмола облысы: тұқым себілмеген жерлерді өңдеуге кірісті

Ақмола облысының аграрийлері дәнді дақылдарды егу науқанын аяқтап, тұқым себілмеген жерлерді өңдеуге кірісті, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылық басқармасы.

  • 13 Маусым 2011
  • 369
Фото - Caravan.kz

«13 маусымдағы жағдай бойынша Ақмола облысының аграрийлері дәнді дақылдарды егуді аяқтады. Ақмола облысында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егістігі 4,44 млн га жерді құрады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық кәсіпорындары тұқым себілмеген жерлерді өңдеуге кірісті», — деп хабарлады басқарма дүйсенбі күні,

Барлығы 681 мың га аумақты өңдеу жоспарланған, деп хабарлайды ведомство.

Сонымен қатар, ірі мал азығын дайындауға техника даярланып жатыр. Болжамға сәйкес, 2011 жылы шөптің бір жарым жылдық қоры дайындалады. Облыста шөп дайындауға 11,76 мың дөңгелекті трактор, 1 мың шөп шабатын, 660 мың шөп маялағыш және т.б. техника тартылады.

Соңғы жаңалықтар