Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанаға таяу жерде орналасқан Үшсарт ауылында құс тұмауына байланысты карантин жарияланған. Елдімекеннің аумағын қоршай бөгеттер тұрғызылып, шлагбаумды дезинфекциялық тосқауылдар қойылды. Автокөліктердің кіріп-шығуына тыйым салынып, ауылға бөтен адамдардың келіп-кетуіне шектеу қойылды.
Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен Үшсарт ауылында 2745 басты құстың көзі жойылды. Ақырғы дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылуда.