Астық ору науқаны басталар қарсаңда «АйБат» ЖШС-нің дихандары қазіргі заманғы 42 техникаға ие болған. Келісім шартының жалпы құны 1,3 млн. долларды құрады.
Сондай-ақ, «АгромашХолдинг» ААҚ алдағы уақытта Қостанай облысындағы шаруа қожалықтарына арнап «Енисей» комбайнынан 50-ді жібергелі отыр. Компаниядан хабарлауынша, болашақта еліміз бойынша осындай бірқатар ірі келісім шарттарының атқарылуы жоспарланған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Красноярск зауыты биыл Қазақстан рыногіне шығарылатын Енисей комбайндарының үлесін 4 процентке дейін арттырды.