Ақмола облысына Германиядан 146 бас асыл тұқымды құнажын әкелінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысына Германиядан 146 бас асыл тұқымды құнажын әкелінді

Ақмола облысына Германиядан 146 бас асыл тұқымды құнажын әкелінді

Ақмола облысына Германиядан жалпы сомасы Т69,9 млн болатын 146 бас «ангус» асыл тұқымды сиыр әкелінді, деп «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Ақмола облысына Германиядан асыл тұқымды ірі қара мал жеткізілді. Барлығығы 146 бас «ангус» тұқымының малы, оның ішінде 142-сі қашар, 4-уі еркек тайынша, облыстың Астрахан ауданының шаруашылығы — «Оскановка-1» ЖШС сатып алған. Сомасы 69,9 млн. теңгеге мал сатып алу «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» бағытытында инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қаржыландырылған. Мал жеткізуші – Германияның «Masterrind GmbH» фирмасы», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.

Асыл тұқымды мал сатып алған «Оксановка-1» ЖШС ойдағыдай өсімдік шаруашылығымен де айналысады. Алайда, аталмыш шаруашылық бизнесін әртараптандырмақшы және өзінде асыл тұқымды мал шаруашылығы бағытын дамытып, импорт селекциясының ет бағытындағы ІҚМ өсірмекші болып шешті, делінген хабарда.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың маусым айынан бастап, «ҚазАгро» Ұлттық холдинг басқармасының шешімімен «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығында жалпы алғанда, 14 инвестициялық бағыттың операторы болмақ, оларды дамытуға шамамен 94 млрд. теңге қаржы бағытталмақшы.

Қаражат жемшөп өндірісін, елімізде мал бордақылау алаңдарын, ет өңдеу кешендерін, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын (репродукторлар) құруға, бидай экспортының және оны тереңдетіп өңдеу инфрақұрылымын дамытуға, астық қоймаларын салуға және оны модернизациялауға, сонымен қатар мал сою пункттерінің желісі мен биязы жүн өндіру және өңдеу өндірістерін құруға қаржыландыруға бағытталатын болады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларының деректері бойынша, бүгінгі таңда еліміздегі асыл тұқымды малдың жалпы саны 121,8 мың басты құрайды. Басым көпшілігі республикадағы барлық ет бағытындағы асыл тұқымды мал басының 78,5% құрайтын «қазақтың ақ бас» тұқымы болып табылады.

«Мамандардың бағалауынша, саланы толық құнды дамытып, халықты етпен қамтамасыз ету үшін жоғарыда аталған мал саны аз. Саланың толық қанды дамуына бірқатар проблемалар кедергі жасайды, соның ішінде – ІҚМ өнімділігінің төмендігі (республика бойынша орташа сойыс салмағы – 160 кг, әлемдік стандарттар бойынша – 320 кг), селекциялық жұмыс деңгейінің жеткіліксіздігі, төлдейтін асыл тұқымды мал басының аздығы», — деп көрсетілген «ҚазАгроҚаржы» ақпараттық баянында.

Бұл жағдайдан шығу үшін қазіргі кезде асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру арқылы мал өнімділігін ұлғайтып, оны жақсарту керек. Осыған ұқсас шаруашылықтар құру бойынша жобаларды қолдауға «ҚазАгроҚаржы» АҚ шамамен 11 млрд. теңге көлемінде қаржы сомасын бекітті.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамына енеді.

Соңғы жаңалықтар