Ақмола облысынан сенатқа сайланған депутаттың орнына кандидаттыққа ат ұсыну одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысынан сенатқа сайланған депутаттың орнына кандидаттыққа ат ұсыну одан әрі жалғасуда

Ақмола облысынан сенатқа сайланған депутаттың орнына кандидаттыққа ат ұсыну одан әрі жалғасуда

2003-жылдың 1-шілде күнгі жағдайымен сенаттағы Ақмола облысы өкілінің бос қалған орнына екі үміткер өз аттарын ұсынды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясынан таратқан баспасөз баянында айтылған.

  • 2 Шiлде 2003
  • 468
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысы Еерейментау және Шортанды аудандық мәслихаттары 1948-жылы туған Светлана Жалмағамбетованың кандидатурасын ұсынып отыр. Ал 1962-жылы туған Айсұлу Бұжбанова сенат сайлауына дербес кандидат ретінде атын ұсынды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сенаттағы Ақмола облысы өкілінің бос қалған орнына депутат сайлаудың күнтізбелік жоспары бойынша кандидаттарды тіркеу 13-шілдеде басталады. Ал депутат сайлауы 2003-жылдың 23-тамызына белгіленді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың қазан айында Ақмола облысынан сенаторлыққа сайланған Марат Қойшыбаев депутаттық мандатынан айрылып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар