Ақмола облысында 40 түлкіні заңсыз атқан браконьер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 40 түлкіні заңсыз атқан браконьер ұсталды

Ақмола облысында 40 түлкіні заңсыз атқан браконьер ұсталды

Ақмола облысында 40 түлкіні заңсыз атып алған браконьер ұсталды. 35 жастағы азамат бұрын аңшылық шаруашылығында жұмыс істепті.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz


Түлкі ерекше қорғалатын аңдар тізіміне жатпаса да, оны аулау үшін бәрі-бір рұқсат қағаз қажет. Қолында ондай құжаты жоқ азамат саятшылық құруға  әбден сайланып шыққан. Көлігінің тіркемесіне екі бірдей цистернаға 200 литр бензинді құйып алып, қырдың қызыл түлкісін жайрата беруді ойласа керек. Бұрын аңшылық шаруашылығында жұмыс істеген күдікті аңдар жүретін жердің жай-жапсарын жақсы біледі екен. 40 шақты түлкі салынған автокөлік қазір тәркіленді. Аңшыдан қосауыз мылтықпен бірге, түнде жарық түсіретін арнайы құрылғы да алынған.