Ақмола облысында 8 жасар баланы көлік қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 8 жасар баланы көлік қағып кетті

Ақмола облысында 8 жасар баланы көлік қағып кетті

Ақмола облысының Бұланды ауданында «ВАЗ-2107» автокөлігін тізгіндеген 47 жастағы жүргізуші велосипедпен жүрген 8 жасар баланы қағып кетті деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Тамыз 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Кішкентай бала жеңіл жарақаттар алған, іші ауырып қалған. Дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп төнбегенін айтады. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің ішімдік ішпегенін анықтады.

«Қазіргі уақытта автокөлік иесіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды», — дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Жергілікті полиция қызметкерлері ата-аналардың кәмелет жасына толмаған балаларға жол қозғалысының ережелерін мұқият үйретуі қажеттігін ескертеді.

«Жол қауіпсіздігі ережесімен жүру балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер сіз велосипедте болсаңыз сіз жүргізушісісіз, ал егер велосипедті ұстап жанында жүрсеңіз онда жаяу жүргінші боласыз, — дейді полиция қызметі.


Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелеріне сәйкес велосипедшілер жолдың оң жақ бөлігінің шетімен немесе жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе тротуармен жүруі тиіс екенін алға тартты. Полиция сонымен қатар, велосипедшілерге бір жолақтан артық жолдарда солға бұрылуына немесе кері бұрылуына тыйым салынғанын атап өтті.