Ақмола облысында адам өлтірді деп айыпталған ер адам кінәсіз болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында адам өлтірді деп айыпталған ер адам кінәсіз болып шықты

Ақмола облысында адам өлтірді деп айыпталған ер адам кінәсіз болып шықты

Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді деп айыпталған Евстигнеев Юрийге қатысты қылмыстық іс қарады. 

  • 9 Қараша 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық қудалау органдарымен Ю.Евстигнеевке азамтша Г-ның бас-миы сүйегіне жарақат жасау арқылы, денсаулығына ауыр зиян келтіріп, нәтижесінде сол әйел қайтыс болды деп айып тағылды.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп Ю.Евстигнеевті ақтады, себебі жасалған қылмысқа оның қатысы бары дәлелденбеді.

Сот үкімімен Евстигнеев Юрий Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлігімен кінәсіз деп танылып, қылмысты жасағаны дәлелденбегендіктен ақталды. Ю.Евстигнеев сот залынан босатылды. Сот Ю.Евстигнеевті заңсыз ұстау мен қамаққа алу кезінде келтірілген зиянды өндіріп алу құқығын растады.

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына аталған үкімге наразылық пен шағым келтірілді.   

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен Ю.Евстигнеевке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Аппеляциялық шағым мен прокурордың наразылығы қанағаттандырылмады.


Сонымен қатар, соттың жеке қаулысымен Ю.Евстигнеевке қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі органдармен тексеру барысында заңдылықтың бұзылғаны анықталып, Ақмола облысының прокуроры хабардар етілді. Полиция қызметкерлерімен дәлелдемелер бұрмаланып, Ю.Евстигнеев әкімшілік қамаққа алынып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеп соқты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 24-бабының талаптары бұзылып, іс бойынша өндіріс айыптау жағына басымдылық беріп жүргізілген, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар