Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Желтоқсанның 21-і күні кешкі уақыт 21:20 минут шамасында Жарқайың аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері хабарласқан. Онда Державинск қаласында 55 жастағы ер адамның кеуде тұсына салынған пышақ жарақатынан көз жұмғаны айтылған.
Тексеріс барысында аталған ер адамның 57 жастағы әйелімен қосылып, арақ ішкені анықталды. Кейін мас болған екеуінің арасында кикілжің туған. Әйелінің айтуынша, осы кезде күйеуі оған оны сүйетінін дәлелдемек болып, ас бөлмеге барып өзінің кеудесіне пышақ сұққан.
Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде», деп көрсетілген хабарламада.