Ақмола облысында ақ түтек боран - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ақ түтек боран

Ақмола облысында ақ түтек боран

Ақмола облысында ақ түтек боран. Қалың қар мен үскіріктен өңірдегі мектептерде бастауыш сыныптары уақытша жабылды. Сондай-ақ қалааралық бағыттардағы көлік қозғалысына да шектеу қойылған. Әсіресе жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустарға. Қалың қардан жеңіл көліктерге қала ішінде де жүру қиындап, ұзын-сонар кептеліс пайда болды. 

  • 13 Қараша 2012
  • 505
Фото - Caravan.kz

Ақ түтек боран үдеп бара жатқандықтан, қалаларалық бағыттарға шығудан жүргізушілердің өздері бас тартқан. Жүздеген жолаушы қазір діттеген жерлеріне қалай жетерін білмей жүр.

Петр Соколов, жолаушы:

— Ауа райына байланысты автобус қала сыртына жүрмейтін болды. Таңертең ерте келіп, билет алып едім, қайта тапсырдым.

Республикалық маңызы бар жолдар әзірге жабылған жоқ. Бірақ, қала ішіндегі көпірлерге құм төселмегендіктен тайғанақтан көліктер жүре алмай, кептеліс пайда болған. Сыртқа шығып, алай-дүлей боранды көрген кейбір жүргізушілер кейін қайтып жатыр. 

Жанат Мұқанов, көлік жүргізушісі:

— Бүгінгі күн мынау, масқара! Қарашада бірінші осындай қарда аязда білмеймін жолда апат көп деп жатыр. Қала сыртына шығу қауіпті. Қазір артқа қайтамыз. Жол ашу керек, бірде-бір жол ашатын машиналар көрінбейді.

Түнімен жауған қар әлі толастаған жоқ. Ал боран салдарынан таяқ тастам жердің өзі көрінбейді. Синоптиктер болса, мұндай ауа райы апта бойы  сақталады деп отыр.


Алина Тойшыманова, «Ақмола гидрометерология орталығы» ЕМК инженері:

— Ауа райының осындай болатынын болжағанбыз. 10-шы қарашада күн күрт суытады деп ескерту жасалды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25 метрге дейін жетті.

Мектеп оқушылары күзгі демалыстан кейін бүгін бірінші күн сабаққа шыққан болатын. Алайда, ақтүтек боранға байланысты бастауыш сыныптарға сабақ тоқтатылды.