Ақмола облысында ақтүтек боранда адасқан екі жеткіншек табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ақтүтек боранда адасқан екі жеткіншек табылды

Ақмола облысында ақтүтек боранда адасқан екі жеткіншек табылды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында ақ түтек боранда сиыр іздеп шығып, адасқан екі бала табылды. Ауыл тұрғындары 10 және 14 жастағы ағайындыларды түнімен іздеген. Ерболат пен Мұхамед болса, боранда адасып, ауылға жол таппай далада қонып қалыпты.

  • 15 Қараша 2012
  • 453
Фото - Caravan.kz

Ес білгеннен мал бағып, ата-анасына қолқанат болған Ерболат пен Мұхамед сол күні өрістен оралмаған сиырларын іздеуге шығыпты. Атқа мінгесіп отырып, ауылдан ұзап шығысымен алай-дүлей боран басталған. Бет қаратпаған үскірікте астындағы аттары да ықтап жүре берген. Ересектеуі-14 жастағы Ерболат адасқанымды сонда білдім, -дейді.

Ерболат Бекбаев:

— Үйілген сабан тауып алып, қарын тазалап, орын дайындап алдық. Інімнің тоңып қалмауын ойладым. Оны бауырыма қысып, жылытып отырдым. Ұйықтамауға тырыстық. Аттың шылбырын қолымнан босатқамжоқ. Әйтеуір, сабан су емес екен. Тоңған жоқпыз.

Балалар ауылдан 6 шақырым ғана ұзап үлгеріпті. Оларды іздемеген жан жоқ. Көрші 3 ауылдың тұрғындары, полицейлер мен әкімдік қызметкерлері ауыл маңын, орман ішін омбы қарға қарамастан атпен, көлікпен шығып із кескен.

Арман Жуасов, Сандықтау аудандық ІІБ инспекторы:


— Далада боран қатты болды. Көп іздедік, таңертеңнен бастап. Алыстан көрінді бір силуэт. Жақындағанда көрдік аттың үстінде екі бала отыр екен. Олар жолды таба алмай жүр екен, айдаланы аралап.

Балалар келесі күні таңғы 10 жарым кезінде табылды. Олар қай жаққа қарай жүрерін білмей абдырап тұр екен. Сөйтіп қос жеткіншек аман-есен үйіне жеткізілді. 

Қалима Бекбаева, анасы:

— Ойлаған жоқпын, бұлай алысқа кетіп қалады деп, күнде келіп жүрген мал ғой. Ұйықтаған жоқпыз әрине, қалай ұйықтаймыз. Түні бойы қоңырау шалғандар көп болды. Қайда жүгірем мен мысалы. Далаға шығам, ұйтқытып тұр. Алла Тағала, сол аман қалдырды. Алла берген балаларымды.

Ерболат пен Мұхамед 7 ағайынды. Жасөсіпірімдерді дәрігерлер қарап шығып, денелері үсімек түгілі, суық та тимеген деп отыр.

Соңғы жаңалықтар