Ақмола облысында "Астана-Мәскеу" пойызы көлікпен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында "Астана-Мәскеу" пойызы көлікпен соқтығысты

Ақмола облысында "Астана-Мәскеу" пойызы көлікпен соқтығысты

Ақмола облысында көліктің "Астана-Мәскеу" қатынасындағы поезбен соқтығысуы салдарынан көліктің ішінде болған төрт адам жарақат алды.

  • 20 Маусым 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Өткен жексенбіде Жақсы ауданының Перекатное селосында күзет қойылмаған теміржол айырымында бағдаршам белгісіне қарамастан «Ауди» көлігімен шыққан Астана тұрғыны өтіп бара жатқан поезға жол бермеген, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық жол полициясынан.

Соның салдарынан көлікте болған төрт адам зардап шеккен, оның екеуі 1999 және 2009 жылы туылған балалар. Олар қазір ауруханада.
Апат салдарынан поезд 33 минутқа кешіккен.